Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Мемлекет басшысы Әлихан Смайыловты қабылдады

27.02.2023ж. 20:00
618
Мемлекет басшысы Әлихан Смайыловты қабылдады

Мемлекет басшысы Әлихан Смайыловты қабылдады. Премьер-министр Президентке еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2023 жылға арналған республикалық бюджеті туралы баяндады. Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің нақты өсімі 4 процент, ал мұнай бағасы барреліне 85 доллар болады деп жоспарланып отыр. Көлік инфрақұрылымы мен логистика саласын дамыту үшін жолдар салуға және реконструкциялауға қаржы бөлу, пойыздарды жаңарту, жолаушылар вагондарын сатып алу жоспарланған. Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібіндегі ірі жобаларға, елдің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін армияны жаңғыртуға және әскери қызмет жағдайын жақсартуға қосымша қаражат бөлу көзделуде. Президент елдің дамуына әлеуметтік-экономикалық тұрғыда барынша оң ықпал ету мақсатында бюджет қаражатының жұмсалуына бақылауды күшейтудің маңыздылығын атап өтті.