Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Еуразиялық электронды порталдың ауқымы кеңейеді

AstanaTV
05.09.2016ж. 20:00
2286
Еуразиялық электронды порталдың ауқымы кеңейеді

Қағазсыз сатып алу жүйесі оң нәтиже беруде. 2018 жылы электронды порталдың ауқымы кеңейе түспек. Яғни аталған жүйе Қырғызстан, Өзбекстан секілді көрші мемлекеттерді де қамтитын болады. 

Электронды сауданы іске қосу жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ. Сатып алушыларға бірдей бәсекелестік мүмкіндіктер туады, құқық бұзушылықтың саны азаяды, сатып алуға жұмсалатын шығын кемиді. Бүгінгі таңда көлемі жағынан үшінші орында тұрған Еуразиялық электрондық порталға сұраныс аз емес, болашақта халықаралық дәрежеде жұмыс істейтін боламыз, - дейді мамандар. 2016 жылдың қыркүйек айына дейін электронды порталда жалпы сомасы 50 миллиард теңге болатын 4500-ден аса сатып алулар өткізілген.