Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Пәтер иелері кооперативі төңірегіндегі сұрақтар шешімін тауып келеді

AstanaTV
05.09.2016ж. 20:00
4533
Пәтер иелері кооперативі төңірегіндегі сұрақтар шешімін тауып келеді

Пәтер иелері кооперативі жұмысы жүйелі жүргізілуі тиіс. "Тұрғындар ауласына жауаптылар" ісі қазіргі уақытта бас партияның тікелей бақылауында. Бүгін «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының мүшелері Жетісу ауданы тұрғындарымен жүздесті. Қоғамдық қабылдауда тұрғындардың арыз-шағымы қаралды. Соңғы жарты жылда партияға бұл аудан тұрғындарынан түскен өтініштер саны 50-ден асып жығылды. Көбі пәтер иелері кооперативтерінің жұмысына көңілі толмайтынын айтқан. Біраз үйлердің кіреберісі күрделі жөндеу көрмей, электр желілері шіріп, ескі су құбырларын тот басқан.

Мәди Төлеубаев, «Нұр Отан» партиясы  Жетісу аудандық филиалының саяси кеңес мүшесі:

КСК жұмысына байланысты, ПСК арыз-шағымдар бар соның бәрі көтеріледі отырыста. Біз КСК-мен жұмыс жасаған кезде, ортақ бір мәмілеге келуге, арыз шағымдарды қарастырған уақытта шешімге келу жолдары,  қандай жұмыстар жасауға болады - сондай мәселелерді қарастыруға тырысамыз.

Партия өкілдері тұрғындарға пәтер иелері кооперативі іске асыруы тиіс жұмыстарды жиі түсіндіреді. Бүгінде Жетісу ауданында көпшіліктің алғысын алған бір ғана кооператив бар. «Айбат» пәтер иелері коооперативі көп пәтерлі 10 тұрғын үйге тұрақты қызмет көрсетіп келеді. Ауланы таза ұстап, уақытылы шатырды ауыстырып отырған кооперативке халық дән риза. Болашақта тұрғындарға көрсетілетін қызмет түрлерін оңтайландыру қолға алынбақ.

Мәди Төлеубаев, «Нұр Отан» партиясы Жетісу аудандық филиалының саяси кеңес мүшесі: 

Жетісу ауданында КСК бастамасымен үлкен мәселе қарастырылып жатыр. Бұл мысалға аз ғана үйлерді қамтамасыз ету, өзінің жұмысын қамтамасыз ететін КСК басқа да үлкен КСК-ға қосу мәселесі қарастырылуда. Сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындарының белсенділігін аттыру, ауласындағы тазалықты қадағалау,  сенбіліктерге қатысу, КСК жауапкершілігін арттыру мәселесін қарастырып отырмыз.