Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Павлодарда құны 130 миллионға бағаланған бассейн құрылысы тоқтап қалды

AstanaTV
05.09.2016ж. 20:00
2892
Павлодарда құны 130 миллионға бағаланған бассейн құрылысы тоқтап қалды

Павлодарда құны 130 млн теңгеге бағаланған бассейн құрылысы жобалаудан кеткен қателік салдарынан тоқтап тұр. Бұл жөнінде облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілі айтты. Жоспар бойынша нысан желтоқсанда қолданысқа берілуі тиіс. Алайда оның қабырғасы тұрмақ, іргетасы да құйылмаған. Жаңа ғимарат 1978 жылы салынған бұрынғы бассейннің орнына тұрғызылуы тиіс еді. 

Дәулет Шайыпранов, ПО құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

Іргетас бойында кемшіліктер анықталды. Ол кемшіліктер жобада қарастырылмаған. Қазіргі кезде жобаны қайта қарастырып, кемшілікті жою, өзгертулер енгізіп, сараптамаға жуық арада тапсырылды.

Дәулет Шайыпрановтың сөзінше, қайта жобалауға кететін шығынды жобалаушы фирма өз қалтасынан өтейді. Әрі техникалық тексеруде жіберген олқылығы үшін 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндетті. Жаңа сараптаманың қорытындысы қыркүйектің 15-інде шығады. Содан кейін құрылыс жұмыстары қайта жанданады,-деді шенеунік. Ал, әзірге жүзумен айналысатын жасөспірімдер басқа спорт нысандарында жаттығуға мәжбүр. Облыстың бас бапкері Лев Акопов Павлодар жүзу мектебінің республика көлемінде беделді екендігін жеткізді. Жалға алынған бассейндерде жаттыққан спортшылар түрлі сайыстарға қатысып, жүлдегер атанған.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ