$474.72 €515.17 ₽5.58
×

Президент «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің басшысын қабылдады

AstanaTV
06.09.2016ж. 20:00
3516
Президент «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің басшысын қабылдады

Әлем бойынша лаңкестік әрекеттер ушығып тұрған шақта сыртқы барлау қызметіне артылар міндет ауқымды. Бүгін Ақордада Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің басшысы Ғабит Байжановты қабылдады.

Кездесу барысында ұлттық қауіпсіздік мәселесі сөз болды. Байжановтың баяндамасын тыңдаған Елбасы алдағы уақытта да барлау қызметі барынша мұқият болуы қажеттігін айтты. Әлемді алаңдатып отырған терроризмнің жолын кесуге сыртқы барлау зор үлесін қосу керек дегенді де айрықша атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Президент  барлау қызметіне  нақты тапсырмалар жүктеді.

Д. БАҚДАУЛЕТ