Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қ. Мұқамәдиұлының 100 жылдығына орай "Ғұламаның Ғұмыры" атты кітаптың тұсауы кесілді

02.03.2023ж. 20:00
1356
Қ. Мұқамәдиұлының 100 жылдығына орай "Ғұламаның Ғұмыры" атты кітаптың тұсауы кесілді

Монғолия қазақтарының жазба әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, жазушы-драматург, аудармашы Құрманхан Мұхамәдиұлының туылғанына 100 жыл. Құрманхан Мұхамәдиұлы бала күннен әңгіме жазып, өлең шығарды. Мұғалімдер даярлайтын жедел курсты бітіріп, ұстаздық етті. Түркістан мемлекетін құру науқанына қатысып, партизандар отрядын басқарды. Ішкі істер саласында басшылық қызметтер атқарды. Оны ел еркелетіп «Құрмаш» деп атапты. Орда бұзар жасында аймақ басқарды. Шығармашылықтан қол үзген емес. «Қыс», «Октябрь тойына» өлеңдері, «Жұт алама, жұрт алама?», «Алғашқы қадам», «Сәт сапар» очерк әңгімелері, «Бөкен жарғақ» поэмасы, «Кезең үстінде», «Жасыл дөң», «Тұлбакөл шайқасы» драмалары, «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» , «Алтыбақан» либреттосын оқырман жоғары бағалады. Монғолияның классик жазушыларының шығармаларын қазақ тілінді сөйлетті. Оның шығармалары мен еңбек жолы топтастарылып, «Ғұламаның Ғұмыры» атты кітапқа енгізілді. Еске алу шарасында жаңа туындының тұсауы кесілді. Замандастары, шәкірттері ойлы естеліктерін айтты.

Светқали НҰРЖАН, «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ, АҚЫН, ДРАМАТУРГ:

Елдің азаматтары бар құрастырып шығарып жатқан кітап. Сосын ұрпақтары бар. Осы жерде Қазақстанда тұрып жатқан ұрпақтары бар немерелері бар. Сол азаматтардың ақыл біріктіру мен бас біріктірумен болып жатқан шара. Негізгі мақсат үзіліп қалған тамырларды жалғау. Ұлттың үзіліп мынау сыртқы күштердің империялардың үзіп тастаған тамырларын бір-біріне қайта жалғау

ҚАРЖАУБАЙ САРТҚОЖАҰЛЫ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

Қазақ халқының мәдениеті, әдебиеті сосын қазақ халқының жалпы тағдырына байланысты көп еңбек еткен адам. Тек қана қазақ халқының емес моңғол халқының әдебиетін өркендетуге өзінің еңбегің сіңірген ұлы азаматтардың бірі.