Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Ақтөбеде баспанасыз адамға ресімделген ЖШС жалған шот-фактуралар жазып отырған

AstanaTV
03.03.2023ж. 14:27
1333
Ақтөбеде баспанасыз адамға ресімделген ЖШС  жалған шот-фактуралар жазып отырған

ЖШС атынан жұмыстарды, қызметтерді көрсетуді және тауарларды жөнелтуді нақты орындамай, шот-фактураларды жазып беру фактісі бойынша ҚМА Ақтөбе облысы бойыншадепартаменті сотқа дейінгі өндірісті тіркеді.

Облыстық МКД қорытындысы бойынша контрагент-сатып алушының бюджетке төлеуі тіис шығыны 164 млн теңгеден асты.

Тергеу барысында анықталғандай, аталған ЖШС тіркеу орнында жоқ, ал құжат бойынша басшысы Авдонин Ю.В.қазіргі уақытта қиын өмірлік жағдайдағы адамдарды әлеуметтендіру орталығында тұрады және серіктестіктің қаржы-шаруашылық қызметіне еш қатысы жоқ екенін көрсетті.

Сот шешімімен ЖШС мемлекеттік тіркеуі жарамсыз деп танылды.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.