Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Екібастұз ЖЭО-да бұзушылықтар анықталды

AstanaTV
03.03.2023ж. 15:12
667
Екібастұз ЖЭО-да бұзушылықтар анықталды

2023 жылғы қаңтарда «ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ (бұдан әрі – Департамент) Екібастұз қаласының Прокуратурасымен бірлесіп, Екібастұз ЖЭО қызметінде метрология саласындағы заңнамалық актілерде белгіленген талаптарды сақтау бөлігінде тексеруге қатысты.

Тексеру барысында салыстырып тексеру аралығы бұзылған және салыстырып тексеру мерзімі өткен өлшеу құралдарын қолдану анықталды, мысалы: техникалық манометрлер, қысым түрлендіргіштері, вольтамперфазометр, мегаомметр. Өлшем құралдарын салыстырып тексерусіз қолдану «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының 19-бабының 1-тармағын бұзу болып табылады.

Аталған бұзушылық ҚР ӘҚБтК-нің 419-бабының 1-бөлігінің 2-тармағы бойынша 1600 АЕК - 5 520 000 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікті көздейді. Екібастұз қаласы Прокуратурасының заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынысы негізінде Департамент әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады. Екібастұз ЖЭО бұзушылық жасау фактісін мойындауына байланысты ҚР ӘҚБтК 811-бабына сәйкес жеті тәулік ішінде қысқартылған іс жүргізу тәртібімен 2 760 000 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлеу туралы ұйғарым шығарылды. Қазіргі уақытта әкімшілік айыппұл толық көлемде төленді.

Сондай-ақ Департамент Екібастұз ЖЭО-на қатысты заңды бұзуға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы Жеке ұсыныс шығарды.