Қостанай облысы Қашар кентіндегі дүкенді кешқұрым бетперде киген бейтаныс тонап кетті.
Сатушы дереу полицияға хабарлаған.
Қара киімді қарақшы кассадағы 30 мың теңгені олжалап кеткен көрінеді.
Оқиға орнына жеткен тергеу тобы 52 жастағы тұрғынның ізіне түсіп, дереу ұстаған. Ұрланған ақша тәркіленді.
Күдікті бұған дейін де істі болған екен. Оған қатысты 191-баптың 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.