Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

ТҮРКСОЙ БҰҰ Өркениеттер Альянсының Достар тобының мүшесі болды

AstanaTV
04.03.2023ж. 21:47
738
ТҮРКСОЙ БҰҰ Өркениеттер Альянсының Достар тобының мүшесі болды

Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы-ТҮРКСОЙ БҰҰ Өркениеттер Альянсының (UNAOC) Достар тобының 159-шы мүшесі болды, деп хабарлайды Astana телеарнасы ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Альянстың жоғарғы өкілі Мигель Анхель Моратинос 2023 жылдың 28 ақпанында ТҮРКСОЙ-дың осы халықаралық ұйымның қатарына қабылданғаны туралы хат жолдады.

Бұған дейін 2022 жылдың шілдесінде БҰҰ-ның "Өркениеттер альянсы" форумында UNAOC пен ТҮРКСОЙ ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойды. ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев осы Альянсқа мүшелікке берген өтінішінде ТҮРКСОЙ мен UNAOC-қа мүше елдер арасындағы тығыз байланысты атап өтті. Енді олар мәдени дипломатияның жақтаушылары ретінде осы уақытқа дейін ұлттық және халықаралық деңгейде жүзеге асырған жұмыстарымен күш біріктіреді.

Сондай-ақ, бас хатшы Раев 2023 жылы UNAOC-пен ынтымақтастықта әлемнің түрлі елдерінде өзінің 30 жылдығын атап өтетін ТҮРКСОЙДЫ ілгерілету бойынша түрлі жобаларды іске асыруға дайындық туралы хабарлады.

Осы тұрғыда мәлімдемеде ТҮРКСОЙ мен UNAOC мәдени дипломатияның жақтаушылары ретінде өздерінің күш-жігерін осы уақытқа дейін ұлттық және халықаралық деңгейде жүзеге асырған қызметімен біріктіретіні айтылған.

ТҮРКСОЙ Бас Хатшылығының хабарлауынша, 2022 жылдың шілдесінде БҰҰ Өркениеттер альянсымен өзара консультациялар нәтижесінде ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев пен БҰҰ Өркениеттер Альянсының жоғарғы өкілі Мигель Анхель Моратинос арасындағы "Өркениеттер альянсы" БҰҰ форумында ынтымақтастық туралы хаттамаға қол қойылды.