Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

СҚО-да басшылық қызмет атқарған полиция генералы алаяқтық күдігімен тергелуде - агенттік

AstanaTV
04.03.2023ж. 20:19
1792
СҚО-да басшылық қызмет атқарған полиция генералы алаяқтық күдігімен тергелуде - агенттік

СҚО Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы болған Берік Біләловке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Астана арнасы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі полиция генерал-майоры Б.С. Биляловқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз», - деп жауап берді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚазАқпараттың ресми сауалына.

Агенттік мәліметінше, Б. Біләлов биылғы 24 ақпанда күдікті деп танылған.

«Бұлтартпау шарасы сайланбады. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді», - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.