Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Шавкат Рахмонов - Джефф Нил жекпе-жегінің статистикасы жарияланды

AstanaTV
05.03.2023ж. 13:50
818
Шавкат Рахмонов - Джефф Нил жекпе-жегінің статистикасы жарияланды

UFC сайты қазақстандық Шавкат Рахмонов (17-0) пен американдық Джефф Нил (15-5) жекпе-жегінің статистикасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін өткен жекпе-жекте Рахмонов қарсыласын қылқындыру әдісімен тізе бүктірді.

Оның көрсеткіші - 186-145. Ал қазақстандық спортшы 120 соққыны қарсыласына дәл тигізсе, 69-ын өзіне жіберіп алды (63%-47%).

Маңызды соққылар жөнінен де Рахмонов алда болды - 179-145 (дәл соққы - 113-69). Ол төрт мәрте тейкдаун әрекетін жасады, олардың ешқайсысын да нақты нәтижеге алған жоқ. Ал бақылау уақыты - 3:43 - 1:12, қазақстандықтығ пайдасында.

Осылайша Шавкат Рахмонов кәсіпқой мансабында он жетінші жеңісіне қол жеткізді. Оның ішінде бесеуінде UFC бойынша тіркелді.