"Адам
ұрлады" деген күдікке ілінген танымал кәсіпкер Лилия Рах пен үш
сыбайласының қылмысы дәлелденсе, 7 жылдан 12 жылға темір торға тоғытылуы мүмкін.
Қылмыстық кодекстің «адам ұрлау» бабы осындай жазаны қарастырады.
Қазір
сән әлемінің мықтылары: Лилия Рах, Мири Паз, Бақыт Шалабаев және Ислам Мисиров
уақытша тергеу изоляторында отыр. Олар мұнда қыркүйектің соңына дейін отырмақ.
Алмалы аудандық сотының өкілдері арнамызға мәлім еткендей, Лилия Рах пен Мири
Паздың қорғаушылары соттан кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануын сұраған. Бірақ сот олардың
өтініштерін қабылдамады.
Еске салайық,
алматылық кәсіпкер Лилия Рах
"Адам ұрлады" деген күдікке ілінген болатын. Қалалық ішкі істер
департаментінің ақпарынша, танымал дизайнер үш сыбайласымен 33 жастағы
Өзбекстан азаматын ұрлап, қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде зорлықпен
ұстап отырған.
Нұрлыбек
Оралбеков, Алмалы аудандық сотының бас маманы:
Бұл өтініш хатты қанағаттандырусыз қалдырды
және соттың шешімі жаңағы қорғаушылармен шағымданып, Алматы қалалық сотына
шағымданып, 9 тамызда апелляциялық сатыда атқарылып, олардың берген хаттары қанағаттандырусыз
қалдырылып, Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының қаулысы күшінде қалдырылды.