$523.86 €544.34 ₽5.11
×

БҚО 200-ден астам өзен-көлдің 14 процентіне ғана мониторинг жүргізіледі

06.03.2023ж. 20:00
851
БҚО 200-ден астам өзен-көлдің 14 процентіне ғана мониторинг жүргізіледі

Ал Батыс Қазақстан облысында 300 мыңға тарта тұрғыны бар 138 елдімекенді су басуы мүмкін. Мамандар күн жылынған сайын жағдайдың ушығып бара жатқанын айтады. Бірақ жергілікті шенеуніктер осыған дейінгі су тасқынынан әлі сабақ алмаған. Енді олардың салғырттығынан мемлекетке зиян келсе, шенділер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Облыстық прокуратура ақпаратынша, аймақтағы 200-ден астам өзен-көлдің 14 процентіне ғана мониторинг жүргізіледі. Осының салдарынан елеусіз қалған шағын өзендер былтыр тасып, екі ауданды су басқан. Жүздеген мал қырылды. Биыл облысқа МИ-8 тікұшағы арнайы алдырылған. Енді өңірдегі су тасқыны қаупі сейілгенше арнайы техника кезекшілікте тұрады.

Дәурен ОМАРҒАЛИЕВ, БҚО ПРОКУРОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Соңғы күндері жауған қар мен жердің қатуын ескеретін болсақ, жағдай қиындай түсуі мүмкін. Мониторингке сәйкес су басу қаупі аймағына 138 елді мекен кіреді, онда 200 мыңнан астам тұрғыны бар 68 мың үй орналасқан. Облыста 74 гидроқондырғы бар, оның 20-сы жөндеуді қажет етеді.

Төтеншеліктер 10 ауылдың әкіміне су тасқынына дайын еместігін ескерткен. Бірақ жауаптылар әлі асығар емес. Мысалы, биыл өңірде мұз жару жұмыстарына 98 млн.теңге бөлінгенімен, тендер жеңімпазы 15 наурызда ғана анықталады. Егер күн күрт жылынса, арнасынан асқан өзеннің мұзжарғыштарды күтпейтіні анық.

Ернұр ӨТЕГЕНОВ, БҚО ТЖД БАСТЫҒЫ:

Ағымдағы жылдың басынан бастап біздің облыста Жайық-Каспий инспекциясының бір өкілі бекітілді. Алайда облыстағы су объектілерінің едәуір санын ескере отырып, бұл өкіл толық мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ете алмайды.