Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қазақстандықтардың микроқаржы ұйымдарына берешегі 2 трлн теңгеден асқан

06.03.2023ж. 20:00
852
Қазақстандықтардың микроқаржы ұйымдарына берешегі 2 трлн теңгеден асқан

Биыл жылдың алғашқы айында сақтандыру компаниялары 16 млрд теңге пайда тауып, мол табысқа кенелген. Ал қазақстандықтардың микроқаржы ұйымдарына берешегі 2 трлн теңгеден асқан. Осы және өзге де ақпараттар "Экономика жаңалықтарында"

Қор нарығында шетел валютасы құбылып тұр. Бүгін таңертең Ұлттық банк доллар тағы 4 теңгеге арзандап, 431 теңге болғанын хабарлады. Алайда АҚШ валютасы түстен кейін қайта қымбаттады. Бір доллардың орташа бағамы - 432 теңге болды. Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 436 теңге, сатып алу – 441 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 436,5, сатып алу құны – 440 теңге болып тұр.

Биыл қаңтарда сақтандыру компаниялары 16 млрд теңге пайда тапқан. Оның 900 мыңнан астам сақтандыру шарты жеке және заңды тұлғаларға тиісті. Бұл өткен жылы қаңтармен салыстырғанда 35 % көп. Негізгі өсім көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруда болып отыр. Өсім 56% процентке ұлғайған. Жалпы қаңтарда барлығы 102 550 төлем жүзеге асырылған.

Қазақстандықтардың микроқаржы ұйымдарына берешегі 2 трлн теңгеден асқан. Бұл өз кезегінде микроқаржылық қызметіне тиісті активтердің ұлғаюына әкеліп отыр. Көрсеткіш өткен жылдың 4-ші тоқсанында өскен. Активтердің ең көп үлесі 52 процент микроқаржы ұйымдарына, 36 процент кредиттік серіктестерге және 12 процент ломбардтарға тиесілі. Ал несие портфелінде жеке тұлғаларға берілген қаржы 350 млрд теңгеге ұлғайған.