Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Индонезияда көшкіннен 15 адам қаза тауып, ондаған адам із-түзсіз жоғалды

AstanaTV
07.03.2023ж. 11:53
765
Индонезияда көшкіннен 15 адам қаза тауып, ондаған адам із-түзсіз жоғалды

Индонезияның шалғай аралдарының бірінде болған нөсер жауын мен көшкін салдарынан 15 адам қаза тауып, ондаған адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елдің Риау провинциясының Натуна ауданында болған көшкіннен зардап шеккен ауылды табуға ауа райының қолайсыздығы мен байланыс желілерінің зақымдануы кедергі келтіріп отыр, деп хабарлады Индонезияның Табиғи апаттарды басқару ұлттық агенттігінің (BNPB) шенеуніктері.

Шалғайдағы Серасан аралындағы жартастың жанындағы үйлерді лай мен қоқыс басты. 50 адам із-түзсіз жоғалып, 15 адам қаза тапты.

BNPB өкілі Абдул Мухари дүйсенбі күні кешке жасаған мәлімдемесінде Натуна аралындағы Пенаги портынан зардап шеккен аймаққа 60 адамнан тұратын іздеу-құтқару тобы ұшып келгенін айтты.

Қазір аралға жету қиын. Оған барар жол әдетте жылдам қайықпен шамамен бес сағатты алады.

«Ертең апаттарды жою жөніндегі ұлттық агенттік процесті жеделдету үшін тікұшақ жібереді», - деді ол жергілікті Kompas ТV арнасына.

Көшкін салдарынан ауылдағы жолдар жабылғандықтан эвакуациялау процесі қиынға соқты.

Индонезия жаңбырлы маусымда көшкінге бейім. Толассыз жауған жаңбыр архипелагтың әртүрлі бөліктерінде су тасқынын тудырады. Сарапшылар климаттың өзгеруінің салдары елдегі экстремалды климат пен ауа райы құбылыстарымен байланысты апаттарды күшейтуі мүмкін дейді.

Индонезияның Борнео бөлігіндегі су тасқыны салдарынан 17 мыңнан астам үйді су басты. Малайзияда да толассыз жауған жаңбыр су тасқынына әкеп соқты. Соңғы аптада елдің бірнеше штатында 4 адам қаза тауып, 41 мыңға жуық адам эвакуацияланды.

2020 жылы Индонезия астанасы Джакарта соңғы жылдардағы ең жойқын су тасқынының бірін бастан кешіріп, салдарынан 67 адам көз жұмған.