Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Мемлекет басшысы Асхат Ораловты қабылдады

07.03.2023ж. 20:00
717
Мемлекет басшысы Асхат Ораловты қабылдады

Мемлекет басшысы Асхат Ораловты қабылдады. Мәдениет және спорт министрі Президентке тапсырмаларының орындалу барысын баяндап, мәдениет, спорт және туризм индустриясын дамытуға бағытталған бастамаларды таныстырды. Атап айтқанда, Алматы облысында спортшыларды олимпиадаға даярлайтын республикалық базаның құрылысы, қазақстандық спортшылардың алдағы жазда өтетін Азия, Олимпиада ойындарына дайындығы, келесі жылы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру жұмыстары жайлы ақпарат берілді.

Асхат ОРАЛОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

Қазіргі күннің өзінде мәдениет, спорт және туризм салаларын терең зерттедік. SWOT-анализ жасадық. Ендігі кезекте біз әр саланың дамуына байланысты тұжырымдаманың жобасын әзірлеген болатынбыз. Спорт саласын дамыту мақсатында арнайы 7 жылдық тұжырымдаманың жобасын әзірледік. Бірқатар нақты тапсырмаларды алдық. Соның өзінде қазір 2-3 жылдың ішінде республика бойынша 113 жаңа кешен салынатын болады.