Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Чемпиондар лигасы: «Бавария» мен «Пари Сен-Жермен» командалары кездеседі

AstanaTV
08.03.2023ж. 21:37
770
Чемпиондар лигасы: «Бавария» мен «Пари Сен-Жермен» командалары кездеседі

UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалында 8 наурыздан 9-не қараған түні қарымта тағы екі ойын өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екі ойынның бірінде Англияның «Тоттенхэм Хотспурс» және Италияның «Милан» командалары шеберлік байқасады.

Кездесу елорда уақытымен 1.50-де басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін жеті мәрте кездесті. Оның төртеуінде англиялық, біреуінде италиялық футболшылар жеңіске жетті. Екі ойында тең нәтиже тіркелді.

Жарыстың аталған сатысындағы алғашқы кездесуде «Милан» 1:0 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ, тағы бір кездесуде Германияның «Бавария» командасы өз алаңында Францияның «Пари Сен-Жермен» клубын қабылдайды.

Кездесу елорда уақытымен 1.50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін он үш мәрте кездесті. Оның жетеуінде германиялық, алтыауында франциялық клубтың мерейі үстем болды.

1/8 финалындағы алғашқы кездесуде «Бавария» аталған қарсыласын 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Бенфика» мен «Челси» ширек финалға шықты.