Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Алматыда денесі бөлшектелген мәйіттің табылуына байланысты тергеу басталды

AstanaTV
07.09.2016ж. 20:00
2766
Алматыда денесі бөлшектелген мәйіттің табылуына байланысты тергеу басталды

Алматыда қоқыс жәшігінен денесі бөлшектелген мәйіттің табылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол Қылмыстық кодекстің 99-шы, яғни «кісі өлтіру» бабын қарастырады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің департамент директоры Алмас Сәдубаев телефон арқылы хабарлады.

Кеше түнгі сағат 3-тер шамасында Абылай хан және Райымбек даңғылдарының қиылысында орналасқан тұрғын үй ауласындағы қоқыс жәшігінен адамның бөлшектелген дене мүшелері табылған. Оны бірінші болып тұрғылықты мекен жайы жоқ қаңғыбас көріпті. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары, прокурорлар мен криминалистер жедел іске кірісіп, нәтижесінде қылмыс орын алған пәтер белгілі болды. Арнайы мамандар дене мүшелері бөлшектелген ер адамның жеке басы анықталғанын айтады. Осы маңайдағы тұрғындардың айтуынша, қанды оқиға жалға берілген пәтерде орын алған.

Соңғы кезде пәтерді жалға алушылар көбейді. Соның кесірінен осындай қылмыстық жағдай болып отыр, деп ойлаймын. Ең сорақысы - ешқандай учаскелік полиция келіп, тәртіпті бақыламайды. Тіпті ол адамның жүзін де көрген емеспіз.

Алмас Сәдубаев, ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры:

Алматы қаласында белгісіз  ер адамның  дене бөлшектері  табылды. Осы жағдайға байланысты Қылмыстық кодекстің  99 -шы бабына сәйкес  сотқа дейінгі іс-шаралар  басталды. Полиция қызметкерлері қылмыс  орын алған жалдамалы пәтер, сонымен қатар жәбірленушінің тұлғасын анықтады. Сондай-ақ күдіктінің кім екені  де белгілі болды. Қазір  оны ұстау шаралары жүргізілуде.