Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Террористерге жазаны күшейтетін заң жобасы жыл соңына дейін қабылданады

AstanaTV
07.09.2016ж. 20:00
2795
Террористерге жазаны күшейтетін заң жобасы жыл соңына дейін қабылданады

Террористерге жазаны күшейтетін заң жобасы жыл соңына дейін қабылданады. Бұл құжатты созуға болмайды, өйткені қауіп бар,- деп атап өтті халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев. Бүгін төменгі палатаның отырысында экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша заң жобасы қарауға алынды. Ертең мемлекетттік қызметкерлер, қоғам белсенділері мен сарапшылардың қатысуымен кең көлемде талқылау болады.

Мәулен Әшімбаев салафиттік ағымдар мен радикалды топтарды күшпен жауып тастаудың қиын екендігін мойындайды. Оларға тек басқа идеологияны қарсы қойып қана күресе аламыз, - деді. Сондықтан заң жобасында идеологиялық жұмыс жайы да қаралады. Ал лаңкестерді өлім жазасына кесу мәселесі енгізілмеген. Әйтсе де ол сұрақ та талқыланады,-деп мәлімдеді депутат.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Өлім жазасы деген оңай сұрақ емес. Осы мәселені жұмыс тобында жан-жақты талқылайтын боламыз. Жалпы осы заң жобасында жауапкершілікті күшейту мәселесі қарастырылған. Қылмыстық кодекске, басқа да заңдарға өзгерістер енгізу туралы ұсыныс түсті. Бұл заңда жауапкершіліктен басқа қарудың айналымына байланысты да біраз шаралар қаралған. Миграция мәселесіне де байланысты.