Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Алаяқтың арбауына қалай түскенімді өзім де білмей қалдым», - студент

AstanaTV
09.03.2023ж. 20:00
706
«Алаяқтың арбауына қалай түскенімді өзім де білмей қалдым», - студент

Әлеуметтік желіні ашсаң, «қаржылай көмек беремін», «барлығы әділ» деген жарнама көп. 10 мың теңге берсең ақшаңды еселеп қайтарамын деп желі қолданушыларды еліктіріп қоятындар да бар. Бұл не деген батпан құйрық? Алаяқтың құрбаны болғандар кім? Әріптесім Сүндет Оралбеков солардың бірқатарымен тілдесті.

Сүндет ОРАЛБЕКОВ, ТІЛШІ:

Құрметті, инста достар! Сізді кризис шаршатты ма? Мен секілді мол табысқа кенелгіңіз келе ме? Онда біз сізге көмектесеміз. 3-4 сағатта дәл осылай ақша тапқыңыз келсе, дайректке жазыңыз.

Дәл осындай жарнаманы көзіңіз шалған болар. Алаяқтар инстаграм желісін табыс көзіне айналдырып алған. Танымал блогерлердің атын жамылып, оқырмандарына 15-20 мың берсең, 400-450 мың етіп қайтарамын деп уәдені үйіп-төгіп, ант су ішеді. Сенімге кіріп ақшаны алған соң, жоқ болып кететін қулар көбейген. Осындай алаяқтардың бірімен мен де сөйлесіп көрдім. Сенімді деді. Ақшаны көбейтіп беремін деді. Бәрі адал деп сендірді. Халық мұндайға тез алданып қалады. Әділет есімді бұл жігіт те «алаяқтың арбауына қалай түскенімді өзім де білмей қалдым» дейді.

Әділет МЕЙРАМБЕКОВ, СТУДЕНТ:

Как раз ақшадан қысылып жүрген кезім болды. Сөйтіп сол 20 мың теңгені манипуляция арқылы бердім. Ол шығарып қойдым уайымдама, транзакцияда тұрып қалды ақша деп тағы 10 мың теңге сұрады. Сомен 30 мың теңгесін жібергеннен кейін 1-2 күн өткесін жазам. Не ответ жоқ, не хабар жоқ. Сомен алданғанымды түсіндім.

Алаяқтар блогер Тоқтарбек Серғазының атын жамылып, жарнама жасаған. Мұндай роликті жасау үшін дипфейк технологиясын қолданған болуы мүмкін дейді мамандар. Ол жоқ адамның шынайы видео портретін жасауға да, бір адамның видеода бір адамды басқамен алмастыруға да мүмкіндік береді.

Тоқтарбек СЕРҒАЗЫ, БЛОГЕР:

Менің қатысуыммен фейк аккаунттарда ұсынылған кез-келген ақпарат – алаяқтардың ісі. Шынайы ақпарат белгісі бар негізгі парақшамда ғана.

Жыл басынан бері Әділет секілді алданғандар өте көп. Бірақ, барлығы бірдей құзырлыларға шағымдана бермейтін көрінеді.

Нұралы ТӘҢІРБЕРГЕН, АСТАНА ҚАЛАСЫ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Онлайн алаяқтық фактісі бойынша жыл басынан бері 900 ге жуық қылмыстық іс тіркелді. Аталған фактілерге қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 190 бабы бойынша жауапкершілік көзделген.

Ал психолог Анаргүл мұндай қулардың қақпанына ақшадан қатты қысылғандар ғана түседі дейді.

Анаргүл ИБРАИМБЕКОВА, ПСИХОЛОГ:

Кез-келген алаяқтық қоғамның сұранысына қарай пайда болып, өзгеріп отырады. Басты құрбандары жастар болып келеді. Оңай олжаға тап болу арқылы, басқаның көзінше жақсы көрінемін деген стереотип басым болуы мүмкін.

Бүгінде жұртты қақпанына түсіріп жүрген алаяқтар көп. Олардың кейбірін тіпті құрықтау мүмкін емес. Мамандар спам хабарламаларға сенбеуге шақырады. Алдымен ақпараттың рас-өті¬рі¬гін анықтап алуға кеңес береді.