$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астанада такси қызметінің жағдайы сын көтермейді

AstanaTV
07.09.2016ж. 20:00
2641
Астанада такси қызметінің жағдайы сын көтермейді

Астанада такси жетіспейді. Қалада ресми тіркелген такси көліктерінің саны мүлдем аз. Есесіне тіркеуден өтпеген, тиісті салығын төлемейтін "жабайы" таксилер саны уақыт санап артып келеді. Бұған  такси тұрақтарының жоқтығы, көлік саласын реттейтін заңнаманың нашарлығы себеп. Бейресми диспетчерлік сервистер де осы келеңсіздіктің өршуіне ықпалын тигізуде. 

Астанада күніне 20 мыңдай адам такси қызметін қолданады. Қалада жалпы ішкі өнімнің 60 пайызын шағын-орта бизнес өкілдері беріп отыр. Бұл ретте ресми тіркелген таксилер санын арттырып, оларға жағдай жасау қажет, - дейді кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі. Яғни халық көп шоғырланған жерге арнайы тұрақтар салу, такси көліктеріне сары немесе басқа түсті мемлекеттік нөмір беру және олардың автобустарға арналған жолақпен жүруіне рұқсат ету. Астана халқын күнделікті қамту үшін қалаға үш мыңнан аса такси көліктері керек екен.

Зейнолла Алшымбаев, Астана қаласы кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің мүшесі:

Бірақ бүгінгі таңда 8 компания ғана бар. Олардың беріп отырғаны 400 көлік қана. Ал қалғандары сонда, былайша айтқанда, хаотично қызмет жүріп жұр.