Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Үкімет басшысы Алматыдағы мектеп автобустарын шығаратын өндіріс орнын аралады

10.03.2023ж. 20:00
606
Үкімет басшысы Алматыдағы мектеп автобустарын шығаратын өндіріс орнын аралады

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Алматыдағы мектеп автобустарының қауіпсіздігін тексерді. «Мектеп автобусы» пилоттық жобасы аясында қала әкімдігі оқушыларды тасымалдау үшін жергілікті зауыттан 100 жаңа техника сатып алуды жоспарлап отыр. Барлығы 29 мектепте білім алатын 7700 оқушыға жағдай жасау көзделген. Аталған көліктер заманауи қауіпсіздік құралдарымен жабдықталған.

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Мемлекет басшысы қала әкімдігінің алдына халықтың жүріп-тұруына ыңғайлы көлікпен қамтамасыз етіп, экологияға тигізетін зардаптарды азайту міндетін қойды. Сондықтан бұл өндіріс тек қала үшін ғана емес, бүкіл республика үшін де зор маңызға ие.