Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Ақшаны қалай сақтаған дұрыс?

AstanaTV
10.03.2023ж. 20:00
566
Ақшаны қалай сақтаған дұрыс?

Доллар бағамы құбылып тұр. Бүгін шетел валютасы қайта нығайып, 441 теңге болды. Еске салайық, бұған дейін АҚШ валютасы біршама арзандап, теңгенің нығаюы шамамен 3,2%-ға жеткен. Ұлттық банк өкілдері мұндай оң динамикаға ірі салық төлемдері әсер етті деп отыр.

Әлия МОЛДАБЕКОВА, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ақпан ішінде валюта нарығында позитив жеткілікті болды – ірі тоқсандық салық апталығынан басқа, біз Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарына бейрезиденттердің ағынын байқадық. Валюта нарығына квазимемлекеттік компаниялардың сатылымы да қолдау көрсетті, ақпанда олардың көлемі 295 млн АҚШ долларын құрады.

Ал, экономист Ғалымжан Керімбек долларға "тәуелділіктен арылмай, валюта бағамы бір қалыпқа түспейді дейді. Сондықтан қолдағы қаржыны мүлік күйінде ұстауға кеңес береді.

Ғалымжан КЕРІМБЕК, ЭКОНОМИСТ:

Бізде ақша айналымы өте төмен болады. Дамыған мемлекеттерде ақша үздіксіз айналып тұрады. Ақша үздіксіз айналған кезде мемлекет үшін де, қоғам үшін де пайдалы болады. Сондықтан, мүмкіндік болса азаматтарымыз өздерінің акқшасын үйінде, сейфте немесе банкте сақтағанша, оны капитал күйінде сақтаса біздің қоғамымыздың дамуына азда болса септігін тигізер еді.