Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ақтөбелік құтқарушылар жолда қалып кеткен Өзбекстанның 63 азаматын эвакуациялады

AstanaTV
12.03.2023ж. 19:50
2324
Ақтөбелік құтқарушылар жолда қалып кеткен Өзбекстанның 63 азаматын эвакуациялады

12 наурызда Ақтөбе облысында түнде автобус сынып, ондағы Өзбекстан азаматтары жолда қалып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

12 наурызда Ақтөбе облысы ТЖД-ның 112 құтқару қызметіне Әйтеке би ауданы маңында Қарабұтақ-Қостанай тас жолының 144 шакырымында автобус бұзылып тұрып қалғандығы туралы ақпарат келіп түсті.

Шақырту орнына құтқарушылар мен техника жіберілді.

Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында Өзбекстанның 63 азаматы Әйтеке би аудандық мектебіне орналастырылды.