Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Президент Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады

14.03.2023ж. 20:00
592
Президент Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады

Президент Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады. Онда мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды. Облыста агроөнеркәсіп кешенін дамытуға ерекше назар аударылуда. Бейбіт Исабаевтың айтуынша, қазір Ақсу қант зауытын іске қосу жұмыстары аяқталуға жақын. Биыл кәсіпорын 40 мың тоннаға дейін қант құрағын өндіруді жоспарлап отыр. Жалпы өңірде биыл 132 мың тоннаға дейін қант өндіріледі. Бұл облыс қажеттілігін толық өтеп қана қоймай, өнімді басқа өңірлерге жеткізуге де мүмкіндік бермек.

Бейбіт ИСАБАЕВ, ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласын одан әрі дамыту оның ішінде, қант өндірісі мәселесін басты назарда ұстау жөнінде тапсырма берді және облысымыздағы мақсатқа сай пайдаланылмай жатқан болмаса бос жатқан ауыл шаруашылық жерлерін қайтарып соны экономикалық айналымға түсіру жөнінде нақты тапсырмалар берді.