Ақтөбе облысы Қобда ауданында үйлерін су басқан әр отбасыға қажетті көмек көрсетіледі. Өңірде арнайы комиссия құрылды. Соңғы ақпарат бойынша, ауданда 50-ден астам үйге су кірген. Сондай-ақ, 2 мектеп, спорт кешені мен екі коммерциялық нысан суда қалды. Тұрғындар эвакуациялық пункттерге көшірілді. Өңірден Бақыт Рахметова.
Қобда ауданында бүгін екінші күн топан сумен күрес жалғасып жатыр. Мұндай тасқынды аудан халқы соңғы 30 жылда көрмегендерін айтады.
Әлібек ҚАРАҚҰЛОВ, ҚОБДА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Табиғаттың күрт жылуынан, біріншіден, екіншіден тон әлі түскен жоқ. Содан деп ойлаймын. Биыл күрт жылынғаннан үлгермей қалды. Сондықтан ана жақта мост керек. Плотина керек.
Ауданда төтенше жағдай режимі жарияланды.
Құмар ТҰРМАҒАМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:
Қазіргі маңызды істеп жатқан жұмыстар инерттік материалдар қаптармен шеткі үйлерді нығайту қорғау жұмыстары жүргізіліп жатыр.Заңға сәйкес төтенше Қобда ауданының жергілікті атқарушы органдары Төтенше жағдай жарияланды. Бұл төтенше жағдай қалыпқа келмегенше жарияланып тұрады.
Үйі суға кеткен тұрғындар жылыту бекеттерінде орналасқан. Кейбіреулері туыстарының үйін паналауда. Ауданға облыс әкімі Ералы Тоғжанов барып, зардап шеккендерге тиісті көмек көрсетілетінін айтты.
Ералы ТОҒЖАНОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:
Жергілікті жерде арнайы комиссия құрылды. Тез арада сол комиссияның тексеруіне байланысты шешімдер қабылданып, халықтың жағдайына байланысты бәрі қалпына келтіріледі. Үйлер қалпына келтіріледі. Жаңадан осы жерде бір, екі үй салынып жатыр. Сондықтан қажет болатын болса сол үйге де кіргізуге мүмкіндік толықтай бар.
Қиындыққа тап болған қобдалықтарға көмек қолын созу мақсатында волонтерлар гуманитарлық көмек жинап жатыр. Арнайы бекеттерге халық жылы киім, азық-түлік басқа да керек жарақтарды әкелуде.
Екатерина ГОЛОТИНА, «ДОБРО» ВОЛОНТЕРЛАР ҰЙЫМЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Кешеден бері зардап шеккен жандар қоңырау шалып жатыр. Адамдар үйсіз, күйсіз қалған. Көп жылы киім қажет, көпшілігінде су етік жоқ. Балалардың тағамы, жөргектер, төсек жабдығы, дәрі-дәрмек барлығын жинап жіберетін боламыз.
Қала бойынша да күніне су тасқынына қарсы штабқа 1500–ға жуық қоңырау келіп түседі. Көп қабатты үйлердің, жедел жәрдем ауруханасының жертөлесі суға кетті. Бүгінде облыс орталығының өзінен жүз мың текше метрден астам су сорылған.