Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Доллар тағы қымбаттады

AstanaTV
16.03.2023ж. 16:10
1449
Доллар тағы қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,39 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 466, 15 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 6,14 теңге.

Ұлттық банктің 16 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 464, 79 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 462 теңге, сатып алу – 467 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 461,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 464,5 теңге.

Ресей рублі 5,95 - 6, 2 теңге аралығында саудаланып жатыр.