Құрбан
айт қарсаңында қызылордалық жалғыз басты ана Айгүл Нұрмановаға қайырымды жандар
көмек қолын созды. Балаларын мектепке дайындай алмай отырған отбасы жайлы
арнамыз арнайы материал әзірлеген болатын. 29 жастағы көп балалы ана мен жеті
баланың тағдырына бей-жай қарай алмаған тұрғындар қолдан келген көмегін
жасауда. Азық-түлік, балаларға қажетті киім-кешек пен ойыншықтар жеткізілді.
Енді бірі айлық пәтер ақысын төлеп берді.
Қарлығаш
Баймұхамедова, Қызылорда қаласының тұрғыны:
«Астана»
телеарнасынан көпшіліктің көмегіне зәру көп балалы ананың қиын жағдайы туралы
сюжетті көрген соң, көмек беруге асықтым. Бұл отбасында келешекте барлығы жақсы
болып кетер деп үміттенемін.
Лиза
Бекмырзаева, Қызылорда қаласының тұрғыны:
Телидидардан
көріп көпбалалы ананы, жүрегіміз аурып, мынау шамалы болса да, кішігірім
үлесімізді қосып, мынау кішкене азық-түлігімізді, киімімізді әкеліп жатырмыз.
Осындай
көмегін көрсетуге асыққан адамдар аз емес. Қалалық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласып, Айгүлдің мекен-жайын сұрап жатқан
азаматтар да жеткілікті екен.