Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Сайлаушылар белсенділігі сағат сайын артуда

19.03.2023ж. 12:00
1241
Сайлаушылар белсенділігі сағат сайын артуда

Орталық сайлау комиссиясы екі сағат сайын халықтың белсенділігін есептеуде. Саған 10:00-дегі ақпарат бойынша, сайлаушылардың 14 процентінен астамы өз таңдауын жасады. Дәл қазір бізбен Орталық сайлау комиссиясынан әріптесім Ақбота Базарбай тікелей байланысқа шыққалы тұр.

Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Астана уақытымен сағат 10:00-дегі мәлімет бойынша дауыс беруге құқығы бар 12 млн-нан астам адамның 2 млн-ға жуығы бюллетень алып, өз таңдауын жасаған еді. Сайлаушылардың белсенділігі бойынша Жамбыл, Павлодар, Ұлытау, Қарағанды облыстары көш бастап тұр. Әзірге Алматы қаласының тұрғындары өз дауыстарын беруге асығар емес. 12:00-дегі ақпарат әзірге есептеліп жатыр. Соңғы өзгерістерді алдағы шығарлымда айтатын боламыз.

Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Бүгін учаскелерде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі. Учаскелік сайлау комиссиялары содан кейін дауысты санайды. Бұл жолы дауыс санау процедурасы ұзаққа созылады. Себебі бюллетеньдер саны әдеттегіден көп. Бірақ заң бойынша дауыстарды санау 12 сағаттан аспауы тиіс.

ХАЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІ:

Абай облысы – 15,13 %

Ақмола облысы – 15,61 %

Ақтөбе облысы – 12,44%

Алматы облысы - 15,32 %

Атырау облысы – 12,94 %

Батыс Қазақстан облысы – 12,96 %

Жамбыл облысы – 16,54%

Жетісу облысы – 15,93 %

Қарағанды облысы – 16,31 %

Қостанай облысы – 16,23 %

Қызылорда облысы – 12,64%

Маңғыстау облысы –12,36 %

Павлодар облысы – 16,49 %

Солтүстік Қазақстан облысы – 15,93 %

Түркістан облысы – 15,62%

Ұлытау облысы – 16,38 %

Шығыс Қазақстан облысы – 16,11 %

Астана қаласы – 13,58 %

Алматы қаласы –8,51 %

Шымкент қаласы – 12,57%