Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Халық ерекше белсенді», - Е.Қошанов

19.03.2023ж. 12:00
824
«Халық ерекше белсенді», - Е.Қошанов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқылардың бірі болып саяси науқанда өз таңдауын жасады. Президент елордадағы оқушылар сарайындағы сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев та түске дейін өз таңдауын жасады. Ол Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №111 сайлау учаскесінде болды. Сенат спикері сайлауда жоғары белсенділік байқалады деді.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Саяси партиялар да өте сайлауға белсенді қатысып, біраз өздерінің үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Бір мандатты округтардан да өте көптеген азаматтар өздерін-өздері ұсынып, сондай-ақ партияларда өздерінің өкілдерін ұсынып бір мандатты округтарда да өте үлкен бәсеке болғанын біз көрдік.

Ел үшін маңызды саяси науқанда Үкімет басшысы Әлихан Смайылов та белсенділік танытты. Ол елордадағы №111 сайлау учаскесіне барды. Сондай-ақ, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы ғимаратында орналасқан №110 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

Ерлан ҚОШАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Таң жаңа атты, бірақ соған қарамастан халықтың белсенділігі жоғары. Біз өзіміз осы үгіт-насихат жұмыстары аясында өңірлердің барлығын аралап келдік қой. Сонда да халықтың соншалықты белсенді саяси өмірге араласуға деген белсенділігі, өзінің тағдырын өздері шешуге, соған деген құлшынысын біз байқадық. Менің ойымша, сайлау әділ өтеді.