Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Астана қаласы бойынша 400-ден аса сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр

19.03.2023ж. 12:00
1182
Астана қаласы бойынша 400-ден аса сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр

Астаналық тұрғындар саяси науқанға белсендi қатысып жатыр. Дауыс беріп жатқан тұрғындардың саны сағат сайын артуда. Дәл қазір әріптесім Мерей Қалиасқар №119 учаскесіннен ақпарат бермек.

Мерей ҚАЛИАСҚАР, ТІЛШІ:

Біз қазір елордадағы №119 сайлау учаскесінде тұрмыз. Есіл ауданының белсенді тұрғындары таңғы 7-ден бастап, өздерінің таңдауларын жасап жатыр. Мен де осы учаскеге тіркелгенмін. Сәлден соң азаматтық құқығымды пайдаланып, өзімнің таңдауымды жасамақпын. Бұл учаскеде 1617 сайлаушы тіркелген.

Гүлмира СЕМБАЕВА, №119 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ХАТШЫСЫ:

Қазіргі уақытта 150-ден астам сайлаушы өз дауысын берді. Оның арасында қариялар мен бірінші рет келіп тұрған жастарымыз бар. Оларға деген кішігірім сыйлығымыз бар. Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжаннан шетелдік байқаушылар да келіп кетті. Сайлау жоспар бойынша өтуде. 

Құрмет МАНСҰРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бүгін сайлауда өз таңдауымды жасадым. Бұл сайлауда әркімнің дауысы өте маңызды. Болашақ Қазақстаннан көп үміт күтеміз. Көп сенім артамыз. Қазақстан жасай берсін! 

Таңнан бері мұнда байқаушылар жұмыс істеп жатыр. Қатарында 2 шетелдік бар. Олар сайлау барысын бақылайды. Жалпы ақпарат үшін айта кетейік, Астана қаласы бойынша 416 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.