Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Сайлау-2023» онлайн марафоны өтіп жатыр

19.03.2023ж. 12:00
1048
«Сайлау-2023» онлайн марафоны өтіп жатыр

Саяси науқанға байланысты «Сайлау-2023» онлайн марафоны өтіп жатыр. Ауқымды шара телеарналар мен ақпарат агенттіктерінің сайттарында, Facebook және YouTube желісіндегі ресми парақшаларында 16 сағат бойы үздіксіз көрсетіледі. Марафонда сайлаушылардың саяси белсенділігі бойынша әр сағаттың басында жедел баспасөз конференциялары ұйымдастырылып, халықаралық байқаушылар, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігінің өкілдері дауыс беру барысына қатысты ақпарат береді. Сондай-ақ, ток-шоу форматында түрлі саяси-қоғамдық тақырыптарда «Дискуссия» өтеді. Айта кетейік, марафон қонақтары саяси науқан жайындағы азаматтық пікірін «Экспресс-камера» арқылы білдіреді.

Азамат САРҒАЗИН, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:

Кеше, яғни дауыс беру күнінің алдындағы күні Ақтөбе қаласының тұрғыны әлеуметтік желіде сайлаушыларды қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттардың біріне дауыс беруге шақырып, сол үшін әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 102-бабы бойынша жазаға тартылды.