$523.86 €544.34 ₽5.11
×

«Сайлау - саяси бетбұрыс», - сарапшы

19.03.2023ж. 12:00
1085
«Сайлау - саяси бетбұрыс», - сарапшы

Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы ел үшін жаңа саяси бетбұрыс болмақ. Сарапшылар осылай дейді. Бұл науқан мемлекеттік институттарды жаңғыртудың түпкілікті кезеңі. Кешенді түрде жүргізілген өзгерістер жаңаруға мүмкіндік береді. Сарапшылар додаға жаңа талаптар бойынша тіркелген саяси партиялардың қосылуы тың жаңашылдық болатынын айтты.

Қуаныш АЙТАХАНОВ, ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:

Сайлау өте ерекше, өзгеше жағдайда өтіп жатыр. Бұрынғы сайлаулармен салыстыруға болмайды. Өйткені бұл сайлауда барлық партияларға, барлық кандидаттарға теңдей мүмкіндік берілді. Партияларды тіркеу мәселесінде жеңілдіктер туындады. Жеті пайыздан үш пайызға дейін парламентке өтуі мерзімі шегерілді. Осылардың барлығы жаңа партияны құруға, парламентке жаңа партиялардың өтуіне толық мүмкіндік жасайды.