Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қонаевта дауыс беру белсенді жүріп жатыр

19.03.2023ж. 12:00
1024
Қонаевта дауыс беру белсенді жүріп жатыр

Алматы өңірінде де дауыс беру белсенді жүріп жатыр. Облыс орталығы Қонаев қаласында 34 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Қазір тілшіміз Мөлдір Жақан бізбен тікелей байланысқа шығады.

Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ:

Осыдан бір жыл бұрын облыс орталығы атанған Қонаев тұрғындары бүгін аса белсенділік танытуда. Қалада таңғы сағат 7-ден бастап сайлау учаскелері есігін айқара ашты. Біз олардың бірнешеуіне бардық. Азаматтық борышын өтеймін деушілердің қарасы көп.

Сайлауға отбасымен келгендер де бар. Қарт-қариялар да, жастар да бұл маңызды күннен қалыс қалмауға тырысуда.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Сайлау өте жақсы, жан-жақты дайындалған. Дауыс беруге міндеттіміз. Бірінші, ол өзімнің азаматтығым. Халқыма деген адалдығым. Әр адам өзін-өзі сыйлап, халқын сыйлап, дауыс береді.

- Баламды алып келген себебім – халқымызға үлгі болсын деп. Келешекте осы балаларымыз қалмай келіп, азаматтық борыштарын өтесе екен дейміз. Балаларымыздың болашағы үшін осы.

Қонаев қаласында 48502 сайлаушы бар. Сайлау барысын 191 бақылаушы қадағалауда.

Эльмира КҮЗДЕУБАЕВА, АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Қонаев қаласына екі ауылдық округ кіреді. Ол Шеңгелді округі және Заречный округі. 253 адам сайлау өткізуге қамтылып отыр. Мәжіліс Парламентіне 9 адам тіркелді. Облыстық мәслихатқа 5 адам тіркелді. Қонаев қаласы бойынша 39 адам тіркеліп отыр.

Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ:

Миллионға жуық сайлаушысы бар Алматы облысында Жалпы саны 629 сайлау учаскесі тіркелген. Онда дауыс беру үдерісін тиісті талаптарға сай орындау үшін барлық жағдай жасалған.