Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Кандидаттардың көптігі Президент реформаларының қолдау тапқанын көрсетеді», - Е.Қарин

19.03.2023ж. 12:00
650
«Кандидаттардың көптігі Президент реформаларының қолдау тапқанын көрсетеді», - Е.Қарин

Бұл сайлау реформалардың әрі қарай жүзеге асуына мүмкіндік береді. Осылай деген Мемлекеттік кеңесші сайлаудан кейін саяси алаң кеңейіп, парламентте жаңа есімдер пайда болатынын айтты. Мұның бәрі қабылданатын саяси шешімдердің сапасын көтеруге, қоғамдық-саяси тұлғалардың көбеюіне әсер етеді. Ерлан Қарин кандидаттардың көптігі президент реформаларының қоғамда қолдау тапқанын көрсетеді дейді.

Ерлан ҚАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСШІСІ:

Бүгінгі сайлау – елде бір жылда жүзеге асып жатқан реформалардың жалғасы. Бұл сайлау және оның қорытындылары елде алдыңғы уақытта жүзеге асатын кезекті реформалардың негізін қалыптастыруы керек. Сондықтан бүгінгі өтіп жатқан сайлау науқаны өз алдына елде болып жатқан өзгерістерге тағы бір серпін береді. Азаматтардың, халықтың шешім қабылдау процесіне кеңірек тартылуына, септігін тигізуіне жағдай жасайды деп ойлаймын.