Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қазақстанда соңғы 3 айда 362 млрд теңгенің дүние-мүлкі жария етілген

AstanaTV
05.04.2016ж. 20:00
1435
Қазақстанда соңғы 3 айда 362 млрд теңгенің дүние-мүлкі жария етілген

Қазақстанда соңғы 3 айда 362 млрд теңгенің дүние-мүлкі жария етілген. Астана әкімдігі ұйымдастырған брифинг барысында осындай ақпар айтылды. Заңдастыру науқаны аясында Елорда алдыңғы бестіктің ішінде келеді.

Айта кетейік, 2014 жылдың 1 қыркүйегінен елімізде мүлікті заңдастыру шарасы басталған. Науқан былтыр аяқталуы тиіс еді. Бірақ Елбасы оның мерзімін 2016 жылдың соңына дейін ұзартуға пәрмен берді.

Бүгінге дейін Астанада 25 млрд 940 млн теңгені құрайтын 5569 нысан заңдастырылған. Жалпы сомасы 81 млрд 534 млн теңгені құрайтын қаражатты жария етуге 6103 өтініш түскен. Сондай-ақ, 127 млрд теңгеге 60 декларация рәсімделіп отыр. 

Фархат Омаров, Астана қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы:

Мүлікті заңдастыру науқаны екі жолмен жасалады. Біріншісі - банкте негізгі соманы көрсетіп, оны қажеттілікке пайдалану. Мәселен, бизнеске салуға немесе бағалы қағаз сатып алуға болады. Екіншісі - сырт елде сақталған, айналымда тұрған мүлікті өтініш беру арқылы заңдастыру. Әзірге Астана оңтүстіктегі аймақтардан кейінгі орындарда тұр.

Құралай ПИОНЕР