$541.01 €640.34 ₽6.52
×

ОСК Мәжіліс және мәслихат сайлауының алдын ала нәтижелерін жариялады

ОСК Мәжіліс және мәслихат сайлауының алдын ала нәтижелерін жариялады

Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс және мәслихат сайлауының алдын ала нәтижелерін жариялады. Саяси додада 7 партия бақ сынады. Сайлау қорытындысында "Amanat" партиясын сайлаушылардың 53,9% проценті таңдаған. «Ауыл» партиясы - 10,9%, Respublica партиясы -8,59 %, «Ақ жол» - 8,41%, Қазақстан халық партиясы – 6,8%, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия - 5,2%; «Байтақ партиясы» - 2,3 % дауыс жинады. Ал барлығына қарсымын бағаны бойынша - 3,9% адам дауыс берген. Сайлаудың нақты қорытындысы 10 күн ішінде жарияланады деді,-орталық сайлау комиссиясының төрағасы. Айта кетейік, сайлау барысын 80 мыңнан астам байқаушы қадағалады. Ал отандық мыңнан астам бұқаралық ақпарат құралдары мен шетелдік 236 журналист ақпарат таратқан.