$523.54 €546.47 ₽4.99
×

Парламенттік сайлау реформалар тұрғысында өтті – ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының мәлімдемесі

AstanaTV
20.03.2023ж. 19:02
927
Парламенттік сайлау реформалар тұрғысында өтті – ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының мәлімдемесі

ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясы Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлаудың алдын ала нәтижелері бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2023 жылғы кезектен тыс парламенттік сайлау ЕҚЫҰ-ның халықаралық стандарттар мен міндеттемелеріне сәйкес сайлау өткізуге Қазақстанды жақындату мақсатында басталған реформалар тұрғысында өтті. Заңнамаға түзетулерде ДИАҚБ-ның бұған дейінгі бірнеше ұсынымдары ескерілген және сайлаушылар үшін таңдау жасау мүмкіндігін кеңейтті. Дегенмен, демократиялық сайлаулар өткізуге барынша негіз қамтамасыз ету үшін нормативтік-құқықтық базаларға одан ары да өзгертулер енгізу қажет», - делінген ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының мәлімдемесінде.

ЕҚЫҰ-ның сайлауларды байқау жөніндегі қысқа мерзімді миссиясының арнаулы үйлестірушісі әрі жетекшісі Ирен Чараламбидес еліміздің барлық өңірінде миссияның 300-ден қысқа мерзімді байқаушысы жұмыс істегендігін атап өтті.

«Біз нақты бір оң оқиғалардың куәсі болдық. Дегенмен, әлі де болса көп нәрсе жасау керек. Бұл динамикалық процесс. Реформа бір күннің ішінде жылдам жүзеге асырылмайды. Оған билік тарапынан да, азаматтардың тарапынан да шынайы күш-жігер талап етіледі», - деді Ирен Хараламбидес.

ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы делегациясының бастысы Рэйнхольд Лопатканың атап өтуінше, сайлау аясындағы бәсекелестік күрес деңгейі айтарлықтай өскен. Бірақ, әлі де болса заңдық және әкімшілік қиындықтар бар.