Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Жаңаөзенде 14 жастағы қыз туған әкесінен жүкті болып қалды

AstanaTV
21.03.2023ж. 15:12
1456
Жаңаөзенде 14 жастағы қыз туған әкесінен жүкті болып қалды

Жаңаөзенде 14 жастағы қыз жасанды түсік жасау үшін перинаталдық орталыққа жүгінді, деп хабарлайды Астана телеарнасы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс полицияда «зорлау» бабы бойынша тіркелді.

Қыздың анасы орталыққа бірге келген. Дәрігерлер жүктілік мерзімі 13-14 апта екенін анықтады.

«Күдікті - жасөспірім қыздың туған әкесі. Іс «Зорлау» бабымен Жаңаөзен полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген», - делінген полиция хабарламасында.

Күдікті ұсталды. Полиция жағдайдың анық-қанығын тексереді.