Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Димаш Құдайбергеннің жаңа әні жарыққа шықты

AstanaTV
22.03.2023ж. 12:38
846
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні жарыққа шықты

Бүгін әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің «Together» атты жаңа әні жарыққа шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Together» («Біргеміз») композициясы бүгін барлық музыкалық платформаларға жүктелді.

Д.Құдайбергеннің айтуынша, әнін бауыры Мансұр жазған және оны алғаш рет Алматыдағы концертінде бірге орындаған. Ал таяуда қарындасы Раушанмен бірге түсірілген бейнебаян көпшілікке жол тартпақ.

«Together» - бұл біз өмір сүріп жатқан қиын кезеңде махаббат пен үміттің хабары (...)

Музыка бүкіл әлемді бір шаңыраққа біріктіреді, ал музыка бізбен бірге болса, жарқын болашаққа деген сенім мен өмірге деген сүйіспеншілік артады.

Біз бірге болсақ, музыка әлемді шынымен өзгерте алады», - деп жазды әнші Instagram-парақшасында.