Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қытайдағы қазақ қызы ерекше әшекей бұйымдар жасайды

AstanaTV
22.03.2023ж. 20:15
1872
Қытайдағы қазақ қызы ерекше әшекей бұйымдар жасайды

Қазақтың салт-дәстүрін, ұлттық өнерін елімізде де, шет елдерде де дәріптеп жүрген отандастарымыз, қандастарымыз аз емес. Солардың бірі – Қытайдағы қандасымыз Мөлдір Қанасылқызы, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мөлдір Қанасылқызы қолөнермен айналысады. Ол қазақи стильде әшекей бұйымдар шығарады.

"Қазақтың салт-дәстүр мәдениетін зерттеу жөнінде арнайы ізденістер жасап келе жатқаныма он жылдың жүзі болды. Осы ретте бірталай қазақы той көйлегі мен кешкі қонақасылық киімдер жобаладым. Бүгінгі күнде жобалаушылыққа деген шексіз қызығушылығым - асқақ арманымның шыңына жетелеп келе жатқандай. Қазір әшекей-бұйымдардың жобасын сызамын. Алдағы күндері өмірде маңызы бар, жоғары өрелі туындыларыммен қазақстандықтар да таныса алатынына кәміл сенемін", - дейді ол.


Айтуынша, әшекей бұйымдар екі материалдан әзірленеді. Ол - титан мен күміс.

"Негізі жұмыстарымда алдымен титан материалынан бастағанмын. Өздеріңіз білесіздер, бізде күміс материалдар өте көп. Десе де мен әшекей бұйымдарды басқаша жасағым келді. Қазір күмістен де жасап жатырмыз. Барлық әшекейдің күміс нұсқасы бар. Енді алдағы уақытта алтыннан жасауды жоспарлап отырмыз", - дейді Мөлдір Қанасылқызы.