Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қазақстан -ТМД мемлекеттерінің ішіндегі ең бақытты ел

AstanaTV
22.03.2023ж. 21:40
706
Қазақстан -ТМД мемлекеттерінің ішіндегі ең бақытты ел

"Дүниежүзілік бақыт туралы" зерттеуде мемлекеттердің бақыт деңгейі бойынша рейтингін жасау кезінде алты негізгі фактор есепке алынғаны айтылған.

Олар: әлеуметтік қолдау, табыс, денсаулық, өмірлік маңызды шешімдерді қабылдаудағы еркіндік, жомарттық және сыбайлас жемқорлықтың болмауы.

Рейтингте COVID-19 пандемиясының 2020 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңін қамтитын үш жылдағы бақыт деңгейі сараланған.

Сондай-ақ 109 ел қамтылған. Сонымен, әлемдегі бақытты елдер рейтингте алтыншы жыл қатарынан Финляндия көш бастап отыр.

Ең бақытты 10 елдің қатарына Финляндиядан бөлек, Дания, Исландия, Израиль, Нидерланды, Швеция, Норвегия, Швейцария, Люксембург және Жаңа Зеландия кірген. АҚШ 15-ші, ал Ұлыбритания 19-шы орында.

Рейтингте Қазақстан ТМД мемлекеттерінің ішіндегі ең бақытты ел болып шықты. Еліміз 44-орынға тұрақтаған. 

Өзбекстан 54-ші орында тұрса, Қырғызстан 62-ші орында, одан кейін Молдова тұр. Ресей 70-ші орында, Армения мен Тәжікстан сәйкесінше 79 және 80-орында. Бұл рейтингке Беларусь, Түркіменстан және Әзербайжан қатыспаған. Украина 92-орында.

Ал рейтингтегі ең соңғы орында соғыстан зардап шеккен Ауғанстан мен Ливан тұр,-деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.