Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде тырысқақ ауруы кең тарауы мүмкін деп ескертеді.
Бұған індет ошақтарының көбеюі-себеп. Оған қоса ауруға қарсы тиімді вакцинаның жоқтығы – үлкен мәселе.
Ұйымның ақпан айында жарияланған көрсеткішінен кейін тағы 4 мемлекетте ауру өршіп тұр.
Осылайша, әлем бойынша 24 елде тырысқақ ауруы кең тарап жатыр.