$478.58 €520.84 ₽5.44
×

Биыл елімізде 18 мың пәтер пайдалануға берілді

AstanaTV
23.03.2023ж. 19:12
683
Биыл елімізде 18 мың пәтер пайдалануға берілді

Қазақстанда қаңтар-ақпанда 2,1 млн шаршы метрден астам тұрын үй пайдалануға берілді. Бұл 2022 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 22,2%-ға көп, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, пайдалануға берілген тұрғын үй саны бойынша Алматы қатарынан екінші ай көш бастады: +102,2%. Сондай-ақ алғашқы үштікке Маңғыстау облысы (+80,7%) мен Шымкент (+61,5%) қалалары енді.

Бұл ретте 20 өңірдің үшеуінде, яғни СҚО (-28,1%), Ұлытау облысы (-25,7%) және Астанада (-0,1%) тұрғын үйді пайдалануға берудің теріс динамикасы байқалады.

Биыл екі айда ғана 4 568 тұрғын үй ғимараты пайдалануға берілді. Оның 178-і – көпқабатты үйлер, 4374-і – жеке үйлер және 16 жатақхана.

Пәтерлер ең көп пайдалануға берілген өңірлердің бестігі:

Астана – 5 074;

Алматы – 4 463;

Алматы облысы – 1 430;

Ақмола облысы – 1 184;

Маңғыстау облысы – 1077.

Жыл басынан бері 18 902 пәтер пайдалануға берілді (өткен жылмен салыстырғанда 34,5%-ға көп).

Қазақстанда қаңтар-ақпан айларында тұрғын үй құрылысының нақты құны 370 миллиард теңгеден асты. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 53,1 пайызға көп. Қаражаттың үштен бірі, яғни 103 миллиард теңгеге жуығы Алматыдағы тұрғын үй құрылысына жұмсалды.

Қазақстан бойынша құрылыстың нақты құны 1 шаршы метрге 172,3 мың теңгені құрады.