Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Түркістан облысының оқушысы "ақылды" ферма жобасын жасады

AstanaTV
23.03.2023ж. 22:50
898
Түркістан облысының оқушысы "ақылды" ферма жобасын жасады
Сурет: Оқу-ағарту министрлігі

Түркістан облысы Төлеби ауданы № 6 мектебінің 6-сынып оқушысы Елдос Елудің макет күйіндегі "ақылды" фермасында жұмыс процесі автоматтандырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, бұл фермадағы жұмысты қашықтан басқаруға, фермердің жұмысын жеңілдету арқылы оның уақытын үнемдеуге мүмкіндік бар.

Бұл жобаны жүзеге асыру үшін оқушыға информатика пәнінің мұғалімі Айгүл Шахаманова қолдау көрсетті.

Елдос "ақылды" ферманың макетін жасауда үшөлшемді графиканы тез құруға және өңдеуге арналған компьютерлік бағдарламаны қолданған.

"Ультрадыбыстық датчик адам немесе малдың "ақылды" фермаға жақындағанын сезіп, серводатчиктың көмегімен шлагбаум көтеріліп, бірнеше секундтан кейін жабылады. Фермадағы датчиктер арқылы жұмыс істейтін аппараттар малға уақтылы жем-шөп, су беріп, түнгі жарықпен қамтамасыз етеді, малды әрі-бері жүргіздіріп немесе жүгіртіп тұрады. "Ақылды" фермадағы жұмысты мобильді телефонға орнатылған бағдарлама арқылы басқаруға да болады", - дейді Елдос Елу.

Елдостың бұл жобасы ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңінде І орынға, ал облыстық кезеңде ІІ орынға ие болды.