Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Мереке күндері медициналық айықтырғышқа 176 адам жеткізілді

AstanaTV
24.03.2023ж. 13:28
740
Мереке күндері медициналық айықтырғышқа 176 адам жеткізілді

Қостанай облысында мереке күндері медициналық айықтырғышқа 176 адам жеткізілді.

Жеті жүзден астам жүргізуші жол ережесін бұзған. Оның он үші мас күйінде көлік тізгіндеген болып шықты.

Полицейлер бұл күндері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді. Нәтижесінде 22 қылмыс ашылғанын хабарлады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 34 жастағы күдікті ұсталды. Ол қаладағы пәтерлердің бірінен 1 миллион 200 мың теңгенің алтын бұйымдары мен қомақты қаражатын қолды қылған.