Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Месси мансабындағы 800-голын соқты

AstanaTV
24.03.2023ж. 16:02
710
Месси мансабындағы 800-голын соқты

Аргентина құрамасы және "ПСЖ" командасының шабуылшысы Лионель Месси өз мансабындағы 800-голын соқты деп хабарлайды Stan.kz. 

Сhampionat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Месси клубтар сапында 701, ұлттық құрамада 99 рет гол авторы атанған.

Аргентина мен Панама құрамалары арасындағы өзара жолдастық кездесу 24 наурызда өткен. Матч қорытындысы бойынша алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетті. 89-минутта Лионель Месси матч нүктесін қойған.

Месси Аргентина құрамасына 2005 жылдан бері ойнап келеді. 18 жылдан бері ол үздік сұрмерген ретінде көзге түсіп, 2022 жылы Катарда өткен әлем біріншілігінде жеңімпаз атанды. Сондай-ақ ол сол біріншіліктің үздік ойыншысы болды.