Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Риддерде төтенше жағдай режимі жарияланды

24.03.2023ж. 20:00
1088
Риддерде төтенше жағдай режимі жарияланды

Риддерде өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды. Қаладағы жылу электр орталығында апат болды. Жарылыс толқыны шамамен 80 шаршы метр қоршау құрылымын қиратты. Қазір жылу электр орталығында 6 қазандықтың екеуі жұмыс істеп тұр. Қалған 4 қазандықта ақауды жою бойынша жөндеу жүргізіліп жатыр.

ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРЛІГІ:

Бұл жерге атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің басшылығы дереу жолға шықты. Бұйрыққа сәйкес комиссия технологиялық бұзушылыққа тергеп-тексеру жүргізеді. Комиссия құрамына Комитет өкілдері, Риддер ЖЭО және техникалық сарапшы кірді. Тергеп-тексеру нәтижесі 10 жұмыс күні ішінде дайын болады.