Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Атыраулық белсенділер психотроптық дәрілерге қатысты заңды күшейтуді талап етуде

24.03.2023ж. 20:00
1035
Атыраулық белсенділер психотроптық дәрілерге қатысты заңды күшейтуді талап етуде

Атыраулық белсенілер психотроптық дәрілерге қатысты заңды күшейтуді талап етуде. Заң талаптарын күшейтпесе, ХХІ ғасыр кесепаты шаңырақты шайқалтып, балалардың тағдырына балта шабады,- дейді.

Шаһардағы супермаркеттердің бірінде қайтыс болған жас жігіттің оқиғасы атыраулықтарды дүр сілкіндірді. Әлеуметтік желідегі жазбаларға қарағанда, жас спортшы ұзақ уақыт психотроптық дәрілерді пайдаланған. Оқиғадан соң белсенділер ашық үндеу жариялап, бұқараны мәселеге немқұрайлы қарамай, бірге күресуге шақырды. Олар психотроптық препараттарды сатумен айналысқандарды бірден түрмеге тоғытуды талап етіп отыр.

Бұған дейін де қаладағы кейбір ықшамаудандарда трамадол, тропикамид қораптары мен қанды шприцтардың топ-тобымен шашылып жатқаны көпшіліктің үрейін туғызған. Полицейлер психотроптық препараттарды мыңдап тәркілегенмен, нәтиже болмай тұр. Мәселен, соңғы үш жылда 18 мың психотроптық дәрі тәркіленген. Ал жыл басынан бері есірткілік уытқұмарлық күйде көлік басқарған 27 көлік жүргізушісі ұсталып, 7 жылға көлік басқаруға тиым салынған. Ал есірткіні сатумен айналысатындар заңның жеңілдігінен айылын жимай тұр. Мәселен, нашақорлар түгілі, қалалықтарға есімі де, түрі де жақсы таныс 49 жастағы азаматша осындай препарат сатып, бірнеше рет ұсталса да, айыппұлмен құтылып кеткен.

Мейірім ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Азматша соңғы 3 жылда 6 мәрте психотроптық дәрілерді заңсыз сатқаны үшін сотталған. Сот фармацевтикалық дәрі-дәрмектердің заңыз сауда айналымын жүргізгені үшін бірнеше мәрте айыппұл салынған. Қазіргі таңда аталған азаматшаға қатысты ҚК 296 –бабы 4-бөлігіміген тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ сот сараптамасы тағайындалды, аталған азамтша қамауға алынды.

Дәрігерлердің айтуынша, бұлар наркотиктік препаратқа жатпайды. Бірақ ұзақ уақыт, көп мөлшерде пайдалану адам психикасына әсер етіп, тәуелділікке әкеледі.

Елдос ҚЫДЫРСИЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Психикалық тәуелділік болады. Содан ұзақ пайдаланып қабылдайтын болса, көп мқлшерде қабылдайтын болса опиенеине береді. Соңғы ақпарат бойынша, Денсаулық сақтау минситрлігінің бұйрық дайындалып жатыр. Трамадолды , трапекамид, тағы да препартарады психотроптың тізіміне қосуға. Бұйрық дайындалып жатыр. Бірақ әлі шыққан жоқ, жақын уақытта шығу керек.

Қазір диспансерде бақылауда тұрған 508 адамның 68-і трамадол пайдаланғандар. Егер адам емделуге ниет қойса, нәтиже бар. Бірақ ұзақ уақытты қажет етеді,- дейді ақ халаттылар.